Өлең, жыр, ақындар

Сары қурай

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 606
«Сары қурай сыбызғы кесіп алдым,
Сағынғанда қалқаны есіме алдым.» — халық өлеңі

Сары қурай сыбызғы кесіп алма,
Сағынба да сен мені, есіңе алма.
Өкінгенмен не пайда,өтеді өмір,
Іздеп келе алмаса есі барда.

Тас лақтырып қусам ба, тазы-мұға,
Әлде бұл мұң – бітпейтін азығым ба?
Сары қурай сызылып неге өсті екен,
Біздің ғана ауылдың жазығында?

Тепкіленер бұрқырар буы,бұлақ,
Бек қазушы ек беткейден, жуынып ап.
Сары қурайға қол созар, бейтаныс жан,
Мүйіз сапты қайшысын суырып ап.

Сары қурайға неліктен құмар бұлай?
Іздеп кепті алыстан шыдам қылмай.
Сыңсып қоя беретін соқса самал,
Сағыныштан жаратқан шығар құдай.

Сары қурайдың кім білсін киесі не?
Сары далам түседі жиі есіме.
«Бұйымтайың осы ма»дегендейін,
Ат бас шайқап қарайтын иесіне.

Сары тезектің отында шай қайнаған.
Атам шертер сыбызғы қайғы ойлаған.
Сағынудың дертінен шыдай-шыдай,
Біреу көрсең, ол – менмін айғайлаған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке

  • 0
  • 0

Көрмеген соң көсеуге де таң қалып,
Көп ұмтылдым биіктерге қарманып.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Толық

Ей, жаңбыр

  • 0
  • 0

Көзімді жұмсам түс көре берем,
Алданып бұлдыр елеске.
Жаңбырдан соңғы даланың исі,
Салады неге сені еске?!

Толық

Сезімнің сен бе тұрағы

  • 0
  • 0

Жайылған ойдың сенсің көлемі
Жинақталуға келмейтін.
Кешірмемнің де сенсің дерегі,
Мен өлсем дағы өлмейтің.

Толық

Қарап көріңіз