Өлең, жыр, ақындар

Ей, жаңбыр

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 244
Көзімді жұмсам түс көре берем,
Алданып бұлдыр елеске.
Жаңбырдан соңғы даланың исі,
Салады неге сені еске?!

Күдік пен үрей еңсені басты,
Қарағым келген зеңгірге.
Тамшылар тағы шатырды қақты,
«Жылайық» дейді кел бірге.

Түйме де бір боп, түйе де бір боп,
Жел сөздер тағат тауысқан.
Шиеге қонып шыр-пыр болатын,
Көрінбей кетті сауысқан.

Түбі бір жақсы хабар келеді,
Жамандық айтқан оңбайды.
Уайымның да болады шегі,
Жылауға маған болмайды!

Шекер мен суды кезек сапырып,
Наурыз дейтін мейман жүр.
Жылауға маған болмайды дедім,
Алыстап кетші ей жаңбыр!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған күн

  • 0
  • 0

Салатын сурет қолында бояу,
Мезгілден асқан бар ма екен күшті.
Тағы бір жасым ұйқылы-ояу,
Оң жамбасымен бір аунап түсті.

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Көрмеген соң көсеуге де таң қалып,
Көп ұмтылдым биіктерге қарманып.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Толық

Мекеніңе сыйынам

  • 0
  • 0

Мекеніңе мен сенің сыйынамын,
(Қалжыраған жаныңның күйі мәлім)
Мекеніңнен жолықсам бір адамға,
Сағыныштың жасынан тыйыламын.

Толық

Қарап көріңіз