Өлең, жыр, ақындар

Туған күн

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 355
Салатын сурет қолында бояу,
Мезгілден асқан бар ма екен күшті.
Тағы бір жасым ұйқылы-ояу,
Оң жамбасымен бір аунап түсті.

Арманға толы айларды арқалап,
Күдікке толы күндерді өткердім.
Көрсетпей қойды жүзіңді қалқалап,
Таусылмай қойды сағыныш-шекер мұң.

Мейірімімді минуттар бөлгенде,
Сезімге толы сағаттар келгенде.
Күлдім мен түбі қуансам бұлай,
Несіне сонша болдым деп шерменде!

Өңім қайсысы, түстерім қайсы,
Ажырата алмай қалдым ғой онша.
Тағдырым маған мынаны айтшы,
Бұл шақтарымның мөлшері қанша?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалсам болғаны

  • 0
  • 0

Ерте ме кеш бір айтар арман әнімсің,
Үмітімді үзілген жалғағанымсың.
Көктем сыйлар көңілге шаттық күлкімсің,
Жиі тартқан сен менің оң қабағымсың,

Толық

Жұлдыз жанар

  • 0
  • 0

Жұлдыз жанар сөнбеген алаулаған,
Көп телміріп шалғайға талаураған.
Маған ұқсас адамдар бар шығар-ау,
Саған ғана ұқсайтын санаулы адам.

Толық

Көл бойындағы ой

  • 0
  • 0

Түн құшағы сақтағанмен сырды ұзын,
Көргіміз кеп асығамыз күн жүзін.
Салқындықты өлердейін жек көрген,
Қарлы таудың кешіріңдер бір қызын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар