Өлең, жыр, ақындар

Көл бойындағы ой

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 326
Түн құшағы сақтағанмен сырды ұзын,
Көргіміз кеп асығамыз күн жүзін.
Салқындықты өлердейін жек көрген,
Қарлы таудың кешіріңдер бір қызын.

Күндеріме куə болған кешегі,
Үнсіздігім,салқындығым есебі.
Сүйе тұра сездіруді ар көрген,
Қабағымның салқындығы жетеді.

Басқа суық еріп алмай қал менен,
Мейірім ғой тіршілікке сəн берген.
Қысқа күнде қырық рет құбылып,
Ұнау үшін көлеңкем сан өзгерген.

Қабақ қырау, құлағымда ай сырға,
Куə болмас ай мендегі қай сырға?
Ағаштардың арасына көп барам,
Жапырақтың жасын сүртіп қайтуға…

Тамшы теріп,көл бойында бой жетіп,
Таң бозынан құс біткенді сөйлетіп,
Жүрсем дағы шомылмадым көлге мен,
Адамдарды түсінбеймін кейде түк.

Құтылмайсың,
Жан ұшырта қаш мұңнан,
Ем іздерсің дертке дауа асқынған.
Көлді аяймын, тітіркеніп денесі,
Жағалауға өзін өзі лақтырған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиялға да симайтын

  • 0
  • 0

Жүдетуге жанымды мүлде бейім,
Сені көрсе мұң біткен қашады ептеп.
Мен де ығысып шегіне бердім кейін,
Төрге шығып барасың баса көктеп.

Толық

Жағалау

  • 0
  • 0

Теңізге құлшындым,
Түссем деп ұмсындым.
Жағаға жүгірген
Толқыннан қымсындым.

Толық

Қайда тұрасыз дейсің

  • 0
  • 0

Көшесі алыппен аталатұғын,
Бақтары гүлмен жасанатұғын.
Қыраны көкке көтерілерде,
Алатау қарттан бата алатұғын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар