Өлең, жыр, ақындар

Ақ тілек

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1940
«Кенші ақын» мен Қаныштың інісімін,
Тұтқасы болдым дара бір ісінің.
«Жезкиік ақыным» деп ел атаса,
Заманның өзім шеккен тынысымын.
Аққан жел, көшкен бұлттан сауға сұрап,
Шет ел мен өз елімді дауда құрап,
Аралдың айқасынан қол босамай,
Жүруші ем саясаттан аулағырақ.
Атомдық жарылыстар салған азап,
Көрсеткен Мәскеу бізге сордан мазақ
Күндерге сес білдіріп, қарсы шыққан
Мен едім тұңғыш эколог болған қазақ.
Іске сәт, жүрек отын суытпаймын,
Жаңа өмір, ел қарқынын шын құптаймын.
Тап кеше қырда киік кебін кешкен
Зорлығын бодан күннің ұмытпаймын.
Жайлаған тәуелсіздік нұры бүгін,
Аңсаған талай заман туды күнім.
Өлеңмен тілек айтсам туған елге,
Кешегі мұң мен шердің тұнығымын.
Тілек сол:
Білек қосып мақсат арнар,
Табысты туа берсін ақша таңдар!
Туған ел ерен іске жол бастаса,
Қолғабыс етер біздей ақсақалдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махамбеттің әсері

  • 0
  • 0

Қазақтың қайсар ақын, ерен ері,
Толтырды Мағжан кекке кенерені.
Атойлап Тұран үшін ұран жайса,
Сол шығар Махамбеттің жебегені.

Толық

Тіршілік

  • 0
  • 0

Жат қылыққа жоламас арлы кісі,
Жақсылыққа бастайды барлық ісі.
Жылап келіп, жыламай кетуді ойлар
Таусылғанша тірлікте бар тынысы.

Толық

Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы

  • 0
  • 0

Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы,
Бәрінен де ауылымның иісі аңқиды.
Көл шетінде қос аққуға қарасам,
Баяғы біздей төс тақасып балқиды.

Толық

Қарап көріңіз