Өлең, жыр, ақындар

Еділ, Жайық - екі өзен

  • 09.11.2015
  • 0
  • 6
  • 31151
Еділ, Жайық - екі өзен,
Талсыз болар деймісің.
Көкшетаудың көп көлі
Елсіз болар деймісің.
Бота көзді бойжеткен
Жарсыз болар деймісің.
Абылай қонған кең қоныс
Елсіз болар деймісің.
Еркін жайлап қонған соң,
Малсыз болар деймісің.
Тұлпар туған құлыншақ
Ерсіз болар деймісің.
Тебінген тепкі тиген соң,
Терсіз болар деймісің,
Алқынған арын баспайтын
Өрсіз болар деймісің.
Орын тапқан ер жігіт
Жерсіз болар деймісің.
Орда тігіп орнаса,
Торсіз болар деймісің!



Пікірлер (6)

Еламан

Оте катты унады

Ернур Жакия

керемет каты унады...эх

Мұқанов Серікбосын

Елім деп, жерім деп еңреп кеткен, қан кешіп қол бастап, қазақтың жері үшін найза ұстап атқа мініп жуды қуған, қасиетті аталарымыздың есімдерін анда -санда болмаса, еске алудан қалып барамызба деймін. Бұлардың щоқтығы анағұрлым биікте тұру керек емеспе еді. Президент аитқандай, Абай тану, Ауэзов тану деуші қламгерлер мен жарыскерлер, қазақтың батырлары, мен, ақын - жырауларын , қан төгіп, елдік үшін жандарын пида қылғандардың есімдері көмескіленіп барады.. Бұлардың мақтау кеіпкерлері СССР имперясының сойлын соғып, сөзін сөйлеген, кешегі қыилы заманда, ашаршылықта ауздарнына құм ққұиылғандарды неге көкке көтерміз. Олар Советтік, имперялық саясатқа қызмет еткенін білеміз. Сол кезде халықты қорғап А... ау дегендер импенряның түрмесінен бірақ шыққанын біле тұра олардыды анда -санда есімдерін еске аламыз. Ит екеш итте жақсылықты ұмытпаушы еді, не боып барамыз. Қазақ жырауларының үкімі, кеңес сөздері хандарға өтіп, батырларға айтқанын істеткен. Бізде әсерлеп мақтап, хандарды көп жазады -да, жырауларды аздап қана, көлеңкелеп тұлғасын ашпай көрсетеді. Бұқар жыраудан бастасақ олардың үкімі, сөзі , айтса ақылы хан тыңдар болған. Себеп жыраулардың тұғыры, хандардан және би батырлардан бик болған. Осыны біле тұра, халқымыздың ақылшысы тұтқасы - қорғаны болған азаматтарымыздың не кінәсі бар еді. Мәңгүрттің ауылына кетіп барамызба деймін. Ойланыңдар!!!

Мико

Өте керемет !

Камико

Оте жаксы олен!
бирак осы оленди талдай аласыздарма?

Анита

Онлайн тестке рахметтттттттт

Пікір қалдырыңыз

Уа, қарт Бөгембай!

  • 1
  • 1

Құяр жалын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пәлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа.

Толық

Жағама қолдың тигенін

  • 0
  • 0

Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.

Толық

Жағалбай деген ел болар

  • 0
  • 2

Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар.
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.

Толық

Қарап көріңіз