Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан

Желтоқсан - ызғарлы жел соққан күн,
Желтоқсан - жүректерді оятқан күн.
Талай ғасыр аңсаған қазақ үшін,
Тәуелсіздік бағасы биік –ақ тым!

Шықты алаңға жалынды қазақ жастары,
Бар мақсаты – тәуелсіздік аспаны.
Қазақтың заңғарлығы көрінген сәт,
Ұмытылмас «Желтоқсан» мұң дастаны.

Желтоқсанның жаңғырығы кетер емес,
Қазаққа қойылған бір қиын белес.
Көк туын салқын жел сермеп өтіп,
Халқымның шын бірлігі сыналған кез.

Ел-жұртым армандаған қанша жылдар,
Осы жолда құрбан болды талай жандар.
Бейбітшілікте өткізген әрбір күнді,
Жас ұрпақ, құрметтеңдер, бағалаңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйіспеншілік жүректе

  • 0
  • 0

Сүйе біл сен, туған өлкең, еліңді,
Кең байтақ, ен далалы жеріңді.
Сүйе біл, сен, қазақ елің айбынды,
«Қайсар Қазақ» атты халқыңды .

Толық

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім

  • 0
  • 0

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім,
Өзіңмен бірге өрге басып келемін.
Талай ақын, батырлардың ордасы,
Мен өзіңді шын жүректен сүйемін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар