Өлең, жыр, ақындар

Мен даладан тілек іштей сұраймын

  • 02.12.2020
  • 0
  • 0
  • 642
Мен даладан тілек іштей сұраймын,
тауға қарап, таусылып жыр құраймын.
Ақын болып жүруді шын қалаймын,
өлеңіндей өлең іздеп Абайдың.
Құлагердің шабысындай шабысты,
тау суының ағысындай ағысты,
азамат боп ер жетуді ойлаймын,
түбі соған бір жетемін, қоймаймын.
Жүрегімде – туған жердің гүл өңі,
аталар мен аналардың тілегі.
Асқары көп, арманы көп шақырар
туған елдің болсамшы бір түлегі...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертегідей ерте көктем

  • 0
  • 0

Ертегідей ерте көктем...
Анам мені еркелеткен,
Әкем маған тай мінгізіп,
хиялымды көркем еткен.

Толық

Таңғы тауық шақырды

  • 0
  • 0

Таңғы тауық шақырды,
аспан мен жер сырласты.
Әпкем іліп бақырды,
әпкішімен қырды асты.

Толық

Күзгі құстар

  • 1
  • 0

Бұйыртса... Көктем,
кеудемде талай күз, ән бар,
жазым бар жарқын
аспанын арман көлбеген.

Толық

Қарап көріңіз