Өлең, жыр, ақындар

Менде не бар?


Туған жер бар,
Қазынасы сарқылмас.
Табиғаты,сұлулығы,
Жәй суретке салынбас.

Туған тіл бар,
Бабалардан дарыған.
Осы тіл ғой,
Көп жерлерге танылған.

Отбасым бар,
Бар байлығым өмірде.
Баса алмас,
Ештеңе де,еш нәрсе.

Туыстарым,
Отбасымнан кейінгі,
Байлығым ғой,
Олар менің екінші.

Достарым бар,
Алға сүйрер әркезде,
Көмектесер,
Әр минутта,әр сәтте.

Осылар бар,
Тастамайтын ешқашан.
Барлығына,барлық затқа,
Шүкір етем әрқашан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар