Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің өтіп сабағын

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 764
Өмірдің өтіп сабағын,
Дүниеге бардай қарадым.
Тілімнің өткір садағын,
Қас жауыма қададым.
Жыға тарттым жерінде,
Теткіп шеттей қалмадым,
Сына батпас безді ағаш,
Қайықты ессе толқында,
Таразы бақтым, санадым.
Қызығын кешіп қаланың,
Үйрендім алуан амалын,
Сахараны сайраңдап,
Қымызша жұттым самалын.
Құзға қондым бұлт құшқан,
Бағдарлай бағып қабағын.
Шаңқылдаған бүркітке
Құмарта талай қарадым.
Құлада жортқан құланның,
Жалынан ұстап тарадым.
Шыйыршық атып барыстың,
Жүрелей жатып алғанын.
Көрдім оқшау қояннан
Жарысса, бірақ, қалғанын.
Мен де кейде керенау,
Кейде, тіпті, емен шау,
Қарсы алдымда асқар тау.
Қамшылар жақ қалың нау,
Тұрса сонда тосын жау,
Тап берерлік қағілез, –
Сергек сондай бар мінез,
Жортысқанға жол бермес,
Арбасқанға дендемес,
Шымшығанға сыр бермес,
Бітене бидай, көк сулы,
Қаны теппес көк сірі –
Болмағанға сыр мінез, –
Тосатыным сол мінез.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз соңы

  • 0
  • 0

Өмірге өзім борыштар,
Борыштар менмін мәңгіге!
Жинап-теріп, уа, достар,
Шерттім шәркез әңгіме.

Толық

Тағдыр толғауы

  • 0
  • 0

Теректей тәкаппарға Тәкен едім,
Момынға балдырғандай бәкене едім.
Жаһанға жалғыз аяқ салдым соқпақ,
Шиырын сағынбай мен әкелердің.

Толық

Жүрегім менің

  • 0
  • 0

Долданса дауыл, – құл мұхит,
Тұнығы қалмас шайқалмай.
Жүрегім менің – тұңғиық,
Тұнығын бұзбас Байқалмай.

Толық

Қарап көріңіз