Өлең, жыр, ақындар

Жазғы жаңбыр

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1280
Тілеп сусын тұрды шілде,
Шегірткесі шырылдап.
Түсінгендей сол бір тілге,
Шықты сұр бұлт қырындап.
Тамды тамшы кербез жерге,
Жаққан опа тозаңнан.
Қалды тамшы ұқсап меңге
Жер бетінде бозарған.
Жауынға мен кеуде тостым,
Басылсын деп аптабы.
Кәдімгідей қара-қошқыл
Бұлт аспанда қаптады.
Шаңқай түстің отты лебі
Тамшылатты бұлттан тер
Жүкті әйелдей секпілденді
Қыз әлпеттес құба бел.
Бусанды да байтақ өңір
Жатты демін зорға алып.
Табиғаттай қара-қоңыр
Тұрдым мен де толғанып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кер дөнен

  • 0
  • 0

Жол ұзақ, бүлкілдей бер, кер дөненім,
Жағады жорға аяңмен тербегенің.
Шабар ем сары белден сағым қуып,
Жаныма батады тек терлегенің.

Толық

Өмірдің өтіп сабағын

  • 0
  • 0

Өмірдің өтіп сабағын,
Дүниеге бардай қарадым.
Тілімнің өткір садағын,
Қас жауыма қададым.

Толық

Жаннаға!

  • 0
  • 0

«Ауырады жүрегім» дейсің, жаным,
Айтпасаң да түсіңнен кейпің мәлім.
Әкеңнің де сыздайды ет-жүрегі,
Ұлиды іші, мұздайды, текке үреді.

Толық

Қарап көріңіз