Өлең, жыр, ақындар

Шай туралы жыр

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2476
Қаймақ құйған қара шай көңіл ашар,
Қанғанда оған өр адам бір-бір жасар.
Төркіні бар шайдың да жезде сынар,
Жолама сен, жүрегің болса нашар.
Білемін мен ежелдеи үрдіс жайын –
Кавказ шайын, қытай мен үнді шайын.
Қара шайдан тәбетті тойтара алмай,
Сақарада шонжардың сойған тайын!
Байқұс әжем қайнатып, ішсе шай-шөп,
Тау тарыдан бұйырған оған мәй-сөк.
Сонда да әжем шонжардан көп жасаған,
Қызық екен дүние, ойлап көрсек!
Шай-шөп енді – фәміл шай көңіл ашар,
Сағынғанда әр пенде мауқын басар.
Фәміл шайдан дүмбірлер ішкі сарай,
Кекірігі азса, кей жақсы сұқбаттасар.
Сұқбатта емес, еңбекте – менің ісім,
Мен ішемін шайды ащы шабыт үшін.
Қоя жұтса қашпайтын қаршығадай,
Шыр байланбас ішіне мен бір құсың!
Көкірекке шапақша шай тараған,
Мен талғаман, келді шай қайсы арадан.
Таңырқаймын бүгінгі кей жақсыға,
Бата сұрап, шайдан соң, жайса алақан!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкшетау

  • 0
  • 0

Арқада, көк мұнармен көмкеріліп,
Көкшетау кербез нардай жатыр шөгіп.
Біртіндеп төңірегіне тарағандай,
Бәрі де сұлулықтың соңына еріп.

Толық

Жинағым тұңғыш

  • 0
  • 0

Жинағым тұңғыш – «Сапар»-дан
Ыстығы маған осы жыр.
Қалсам да кейде қатардан,
Жырымды әркім айтып жүр.

Толық

Кер дөнен

  • 0
  • 0

Жол ұзақ, бүлкілдей бер, кер дөненім,
Жағады жорға аяңмен тербегенің.
Шабар ем сары белден сағым қуып,
Жаныма батады тек терлегенің.

Толық

Қарап көріңіз