Өлең, жыр, ақындар

Алаш жұрты

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1509
Азуын айға білеген,
Төбесі көкті тіреген,
Қарсы да келген хас жауын,
Ақ семсерімен іреген –
Айбарлы жұртым Алашым.
Кеудесі тұнған жыр-өлең,
Алладан рахым тілеген,
Тамыры терең жайылған,
Өзегі мықты бір емен –
Айдарлы жұртым Алашым.

Атырау – Алтай арасын,
Жетісу – Арқа даласын,
Найзаның қорғап ұшымен,
Жерұйық жердің саясын –
Жайлаған жұртым Алашым.
Заманмен тауып жарасым,
Төмендетпеген бағасын,
Қанаты кеңге жайылып,
Қырандай бейне тау асып –
Самғаған жұртым Алашым.

Қастерлі Атамекенім,
Қатерлі еді-ау кешегің.
Азаттығыңды айғақтап,
Түнектің түрдің етегін –
Арналы жұртым Алашым.
Еңсеңді тіктеп, көтеріл,
Елім деп өтсін өсер ұл,
Бабадан қалған мұраның,
Қасиетіне жете біл –
Ордалы жұртым Алашым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Боламын жігіт сұлтаны

  • 0
  • 0

Алдынан атқан нұр-таңы,
Қазақтың мен бір ұрпағы.
Өскенде елін ойлайтын
Боламын жігіт сұлтаны.

Толық

Өнер жарысы

  • 0
  • 0

Сәлем бердім баршаға,
Келдім тағы ортаға.
Сынақтардан өтейін,
Қанша қиын болса да.

Толық

Біздің сынып жетекші

  • 0
  • 0

Бір өзіңіз – панамыз,
Сөзіңізге нанамыз.
Сізбен бірге қосылып,
Білім отын жағамыз.

Толық

Қарап көріңіз