Өлең, жыр, ақындар

Ауыл кеші

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 445
Күрсінеді қарт емен қажып-шіріп,
Сылаңдайды сұлу қыз нәзік шыбық.
Қайың қыздар қысқартып көйлектерін,
Бар төңірек көреді көреді бой жеткенін.
Кемпір талдар пыш-пыштап бетін жыртып,
Өсек-желден жапырақ секірді үркіп.
Аңызақ жел, шаң-күдік, сөз бораған,
Сұлулыққа мін таққан, көз қадаған.
Қайың қыздар етегін жел көтеред,
Жаны ашыған жалғыз-ақ жеңге-терек
жел өтінен қорғайды ығына алып.
Емен шалдар есінеп, ыңыранып,
Әйелдердің қызықтап ерегесін,
Әлдилейді қараағаш-немересін.
Шылым шегіп қарағай бозбалалар,
Шал-шауқанға ұнамай сөзге қалар.
Аңызақ жел күн ұзақ сәл тынбайды,
Кемпір талдар жел соғып жалпылдайды.
Қайың қыздар қосылмай еш қатарға,
Қолтықтасып қыдырар кеш батарда,
Жақындауға қымсынып қарағайлар,
Амандасып бұрылар анадайдан.
Сыңқ-сыңқ күліп қайыңдар сыбдырласып,
Қырға шығар қырындап бір-бір басып.
Ымырт түспей үй жаққа қайту да мін,
Қарағайлар күтеді Ай туғанын.
Ай да туды, демалды шаршап ғалам,
Таулар жақтан жетті, әне, ән сап самал,
Қыз-бозбала жақындап алшақтаған,
Құшақтасып қос-қостан билеп кетті,
Асқақ әуен сезімін күйлеп төкті.
Сол бір кеште көңілге түрлі күй кеп,
Шаттығыңды шаш, баурым, мұңды жи деп,
Табиғаттың өзі кеп қолқа салып,
Бар Ақтоғай мас болып жүрді билеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маң далада арқар тұр маңыраған

  • 0
  • 0

Маң далада арқар тұр маңыраған,
Маңыраған тым жақын әні маған.
Жадылаған сананы сағымға еріп,
Өтіп барам адамдай танымаған.

Толық

Күнпаякүн

  • 0
  • 0

Қатпар-қатпар қара түн,
Ақ қар жапқан тұл дала.
Қарға-құзғын қанатын
Қанға малған, былғаған.

Толық

Бектаудың анау бөктерін гүлді

  • 0
  • 0

Бектаудың анау бөктерін гүлді
бөкпе түн басып барады.
Қайтейін, мына өкпе құрғырды
алқынған кезбей даланы.

Толық

Қарап көріңіз