Өлең, жыр, ақындар

Тәтті қызға

​ ​

Күнім менің кішкентай,
Тәмпіш мұрын,​ ақ маңдай.
Қылықтары тәп-тәтті,
Сөзі шекер,​ алуадай.

Ақылы бар жетерлік,
Еркелігін көтердік.
Әкесіне жабысар,
Көре қалса көтер деп.

Ағасымен дауласып,
Әр нәрсеге таласып.
Жылап келіп жатады,
Шағымданып, шамданып.

Құшақтасаң күледі,
Мейірімді біледі.
Кіп-кішкентай ханшайым,
Осылай өмір сүреді.

Тәтті жеуді сүйеді,
Әсем көйлек киеді.
Тиіспе деген нәрсеге,
Көрсетпей кеп тиеді.

Оны бәрі жақтайды,
Тәртіпті ылғи сақтайды.
Үздік шәкірт қызымды,
Ұстазы да мақтайды.

Өсе берсін озат боп,
Ең үлгілі қазақ боп.
Ол бақытты болса егер,
Анасының көңілі тоқ!

Гүлмекен Қасенбай
24.01.2023



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз