Өлең, жыр, ақындар

Бұқпа өзені

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 728
(Русланға)
Шулы шаһар астымен тынып ағып,
Толқи алмай, ыңырсып, ыңыранып.
Жатыр Бұқпа көктемде көсілместен,
Тас қаланың баурына бұғып алып.
Толқынымен толқыны табыса алмай,
Кемел жұрттың көшімен жарыса алмай.
Жатыр Бұқпа бұқпантай бір күй кешіп,
Кеудесін құрт кеулеген кәрі шалдай.
Жатыр Бұқпа лайланып, жаны ышқынып,
Тас қаланың табанын ағыс қылып.
Бұл қаланың ойнамас балалары,
Қағаз қайық суға сап, жарыстырып.
Жатыр Бұқпа тағдырға көніп, арып,
Өкпесін өркениет тоңы қарып.
Түсіне енеді әркез кабактарда
Кепкен мұжық кемірер өлі балық.
Жатыр Бұқпа толқыны жарға ұрынбай,
Зар кешіп запы болған зарлығымды-ай!
Қалаға тап-таза боп енген бұл да
Менің дәл он бес жасар тағдырымдай.
Жатыр Бұқпа...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескі жұртта

  • 0
  • 0

Біздің ел қонған боз дала мынау,
бөздей боп тозып кеткен бе-ей?!
Боз самал соқса, қозғалады қау
мұңлы бір әуен өпкендей.

Толық

Сәуір

  • 0
  • 0

Көкше теңіз, жағаңа көктем кеп тұр,
Көктем кеп тұр — аспаны көкпеңбек нұр.
Жиырма үшінші көктемім бүрін жарып,
Қыс қылтадан қырқылып, қыбым қанып.

Толық

Метаморфоза

  • 0
  • 0

Мен жыладым.
Жаңғырық та аһ ұрды,
Тау қойнауын тасқын сезім сапырды.
Мен күрсіндім — ішін тартып қара үңгір,

Толық

Қарап көріңіз