Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 974
Көктем, сенің осы айында
Тыншытқан жер, аспанымды,
Құшағына тосайын да
Қызғалдақтай жас жанымды,
Бұлбұлындай ән салайын.
Жырлайын жас боламын деп,
Жылда-жылда сен сияқты;
Өз бөлмемде өмip гүлдеп,
Даламда да жас қияқты
Желкілдесін ақ бидайым.
От жалаған қайың терек,
Жамылсын да жасыл бүліш,
Окоптарды жапырақ бүркеп,
Бейбіт жерде жатсын тыныш,
Жайнай түсші, көктем — айым.
Жайнай түcтi шарбағымда,
Жасыл бұтақ тереземнен.
Дәл өзіндей жас шағым да
Тұрсын қарап, сол еменнен
Тағы да бip жыр алайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақпарат һәм ақ бата

  • 0
  • 0

Шынымен шындық түбi десек терең,
Алдында ақиқаттың есек керең.
Eшкімді eкi ортаға жүгіртпей-ақ
Абайға мен былайша есеп берем.

Толық

Қатайдық та жұмсардық

  • 0
  • 0

Не деуші едік заттың құнсыз, құндысын,
Не деші едік жыртқыш аңның қылмысын,
Тыныштық деп нені айтушы ек осы бiз, —
Ұлы соғыс ұмыттырған күллісін.

Толық

Түрікмен ақынымен әңгіме

  • 0
  • 0

Ағайын, ақын түркімен!
Сырласа келдім етене.
«Ciз-біздi» қоя тұрып мен
«Сен» десем шеттік ете ме?!

Толық

Қарап көріңіз