Өлең, жыр, ақындар

Ақпарат һәм ақ бата

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Шынымен шындық түбi десек терең,
Алдында ақиқаттың есек керең.
Eшкімді eкi ортаға жүгіртпей-ақ
Абайға мен былайша есеп берем.
Мен келдім, мен келемін асып-таспай,
Алмаған соң ауыр жүк басып тастай.
Іс қылған ceкілдімін өлсем де жұрт
Менімен қоштасуға асықпастай.
Көңілді олжам осы тоғайтады,
Қолыма түспегенің жоқ айтады.
Аллаға шүкip деймін жасы кішi
Отырса ой салар деп ағай тағы.
Өмірде ақ пен қара түci ненің?
Мен соны мезгілім деп түсінемін.
Ұйқының есебінен түнде түлеп,
Өлеңмен жерге жарық түcipeмін.
Сонда да мезгіл мені азсынады,
Алдымда оны ойласам ас тұнады.
Көбipeк берсем-ау деп көксегенім
Көктемгі селден бетер асқынады.
Сексенге келсем дағы асып-таспай,
Қалған жоқ менде мезгіл асықпастай.
Ой, cipә, бұдан соңғы бұла күнім
Алмас-ау аптығымды басып тастай!
Тым асқақ соңғы сөздің астарында
Жатыр ғой менен соңғы жастарын да.
Оллаһи, кейінгіні деп те қалам
Жан баба, жазылмаған дастаның ба?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әр кездегі әуендер

  • 0
  • 0

Уа, Астана! Келдік тағы кеңеске;
Ой-толғаныс — ортақ парыз емес пе?!
Біздің өнер шыққан сайын биікке,
Өткен жолын түсіреді ол еске.

Толық

Тарғыл шыңды табалау

  • 0
  • 0

Kәpi шатқал! Сен де өзіңше қызық ең...
Бұлт үстінде зор кемедей жүзіп ең:
Жан көзінен жасырып ең басыңды
Күллі дәyip күн мен желі мүжіген.

Толық

Бөркіме көзім түскенде

  • 0
  • 0

Иа, алдымен бөріктімін,
Сосын көне көріктімін.
Бөріктіде көне сыртын
Кім өзіне көріпті мін?!

Толық

Қарап көріңіз