Өлең, жыр, ақындар

Тарғыл шыңды табалау

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 354
Kәpi шатқал! Сен де өзіңше қызық ең...
Бұлт үстінде зор кемедей жүзіп ең:
Жан көзінен жасырып ең басыңды
Күллі дәyip күн мен желі мүжіген.
Саған мағлұм арғы шен де бepгi шен, —
Бiз білмейтін талай тарих белгісі ең.
Сонау жатқан үңгірлі де аңғарлы
Терең сайға жығыласың енді сен!
Бұрын-соңды өтпеген соң бұлай сын,
Бip-ақ рет күрсінесің —
құлайсың!
Сонда алғаш та, соңғы рет те айтарың:
— Мен білмеппін! Адам! Өзің құдайсың!
Асу бермей орайын мен бөгенің,
Ертеде сен талай жолды бөгедің:
Өз қойныңнан тас лақтырып адамға,
Өлген жанға еңкейген де жоқ едің.
Өмірің, бойың әpi биік, әpi ұзын
Аяқталды! Тыңдалмайды арызың!..
Асқар биік адамзаттың талабын
Аяқасты жатып өтеу парызың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хатшыларға мінәжат

  • 0
  • 0

Жамбылды хатқа түcipгeн
Аталарым менің — ардағым.
Алыптың солар артығырақ түсінген
Бертінгі бетін, аржағын.

Толық

Ауылға

  • 0
  • 0

Армысың ауыл-аймағым,
Атырау, Нарын, Ақ Жайық?!
Қош айтысып сенімен
Мен кеткелі, ғажайып

Толық

Жеткіншегіме

  • 0
  • 0

Қарағым, дей алмаймын мұңаймашы,
Мұңайтар түлкі өмірдің мың айласы.
Болмаған ойшыл жанда мұңсыз мұрат,
Оңаша мұңайғанда мұны ойлашы.

Толық

Қарап көріңіз