Өлең, жыр, ақындар

Хатшыларға мінәжат

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 149
Жамбылды хатқа түcipгeн
Аталарым менің — ардағым.
Алыптың солар артығырақ түсінген
Бертінгі бетін, аржағын.
Інжуін сөздің ізетпен
Солар ғой уыстап ұстаған,
Tipi шежіре бұлағын күзеткен,
Сәт сайын қалам ұштаған.
Жайлауда жаққан оттардың
Түнгі түбін де үнемдеп.
Отырса солар, дүниеде өзі жоқтардың
Жамбылдан жаңа үні өнбек.
Қала — қыстақта, сапарда,
Қайда да Жәкем нөсердей.
Аптаны да алысқа апарды
Бір күнге бір түн бос ермей.
Жамбылға бip бап, бip күй аз,
Шектеулі тәбет, epiк те.
Тоқсан жас кіді һәм кірпияз, —
Кейде ол қатал cepіккe.
Хатшысы құлы ма жыршының,
Айтайын, біліп қой ендеше, —
Өтпейді оған бірдe-бip шының
Жүрегіне еркін енбесе.
Қағазға түссе күллі iciң
Қайта тірілген қалпында,
Құдайға айналды әлгі құл кісің
Табынардай жыршы қартың да.
...Хатшыларға сол күндерде
Дарыған Жамбыл киесі
Баршасына —
Кім тipi, кiм жерде,
Алғыс пен дұға тиесі

Маусым — шілде, 1995 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл ашар

  • 0
  • 0

Ей, ағайын!
Қанат өлді – өлмедім.
Өлмеген соң не сұмдығын көрмедім?!
Өлмеген соң деп те қалдым: «— Апырау,

Толық

Әбіш пікіріне әзіл-шын

  • 0
  • 0

Өлеңім — әрлі, нәрлі адам iшi
Һәм соның, ғадауаттан ада күшi.
Иншалла, заман заулап озды екен деп
Оның да келмес жүдеп-жадағысы.

Толық

Сырласу

  • 0
  • 0

Жан-жануар өсімдіктің,
Менің де анам!
Өзіңде ұқтым.
Еш кінәсіз жылы көзбен

Толық

Қарап көріңіз