Өлең, жыр, ақындар

Бәсіре

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 511
Өмір біздің ойлағаннан басқарақ,
Көңіл кейде қасқырдан да ашқарақ.
Адамдардың бәрі бірдей бақытты,
Тек бақытсыз: сыр алдырар қас-қабақ.
Күрсінесің дидарына бір қарап,
Мұң жатады жанарында бір қабат.
Уақыт шіркін, бейапарсыз диюана,
Біртін-біртін нәрін … бәрін ұрламақ.
Кете барар бар жақсылық жылыстап,
Тұрар дейсің уысында кім ұстап?
Асыл сезім айналады жасыққа,
Ыстық жүрек өрекпіген суыспақ.
Неткен жалған дүние бұл – әсіре,
Тірлігіңнің түйінделер бәсі не?
Бұлғақтаған сұлуға да, байға да,
Түбі әйтеуір бір уайым – бәсіре.
Шын баянды болатынын қандай құт?
Біле алмадық.
Ештемеде қалмайды ұқ.
Жапа-жалғыз өзің ғана қаласың,
«Бәсіреңді» басыңа үйіп таудай ғып …



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дөкір тірлік жеткізбей дегеніме

  • 0
  • 1

Дөкір тірлік жеткізбей дегеніме,
Байлап қойды қозыдай көгеніне.
Бұлқынамын, қайран жоқ, амал қанша,
Шырақ-үміт осылай сөнеді ме?

Толық

Тақымда торы қаншырдай

  • 0
  • 1

Тақымда торы қаншырдай,
Қайшылар құлақ, желігіп.
Аңсатып қызды Баршындай,
Жетелеп келед мені үміт.

Толық

Шым-шым батып барамын

  • 0
  • 1

Шым-шым батып барамын,
Шым-шым батып,
Тұншықтырды тереңге тылсым...
Бақыт.

Толық

Қарап көріңіз