Өлең, жыр, ақындар

Қоңыр өлең

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 826
Қоңыр өлең,
Қоңыр тірлік,
Қоңыр қыз ...
Ештемені місе тұтпас, обырмыз.
Сезімді де сездіре алмас селт еткен,
Енді қайттік,
Сұңғыла емес, шоғырмыз.
Бар сырымды жүрегімде құндақтап ...
Көкейімде жоқ еді ғой тіл қатпақ.
Сенің нәркес жанарыңа жұтылып,
Ұмтыламын амалсыздан күнге – әппақ.
Қар да бүгін жапалақтап жауады,
Көк тәңірдің маған деген жауабы.
Қоңыр тірлік айналғандай ақ таңға,
Сарқылмайды
ал сананың сауалы ...
Қияли қыз қиялында басқа әлем,
Осыны ұқтым,
Көкейге көз тастап ем.
... Жаппалақтап жауған қардың астында
Кетіп бара жатқандай-ау басқамен ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағабүйен

  • 0
  • 0

Бір саласы Ақсудың Сағабүйен,
Иілмеген басымды саған ием.
Ілиястай ағамды есіме алып,
Жапа-жалғыз мен тұрмын жағада иен.

Толық

Дәния мен Сәния, қарағым-ай

  • 0
  • 0

Дәния мен Сәния, қарағым-ай,
Қу көңілім сендерді табады ұдай.
Сағынамын еріксіз сағынамын,
Жүрермін де мен бәлкім баяғыдай.

Толық

Жалған-ай! Жабықтырдың, жабықтырдың

  • 0
  • 0

Жалған-ай! Жабықтырдың, жабықтырдың,
Қайғыға қара басты қарық қылдың.
Жер басып жүруге де зар болармын,
Құрбанға жіберерсің шылып бір күн.

Толық

Қарап көріңіз