Өлең, жыр, ақындар

Шер жамылған мұңлы аймақ: сағым-әжім

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 335
Шер жамылған мұңлы аймақ: сағым-әжім,
Құйын қашты бет алды тағы мәжін.
Одан басқа селт еткен дәнеңе жоқ,
Тыныштықтан жындандым, қажығамын.
Шіліңгір шақ, шаңқай түс, аптап әлем,
Мүдуар жан, бір емін таппаған ем.
Қалықтайтын қиянда қара құмай ...
Дірілдейді болмашы әппақ әлем.
Тоқтап қалған тәрізді тіршілігің,
Бара жатыр көбейіп күрсінуім.
Құлаққа ұрған танадай меңіреумін,
Ақыл-естен айрылды жыршыл ұлың.
Жалғыз жүрмін жапанда шырқым қашып,
Аңызақтан ерінім жыртылды, ашып ...
Үр қыздары көзіме елестейді,
Солығыңды кетер ме ед бір түн басып ...
Алды-артымда сағым наз, сан қабат мұң,
Өмір – өксік, алдамшы, жалған-ақ тым.
Қол созым жер мөп-мөлдір «ғұмыр-ағым»,
Жадағайлық таныттың – жанға баттың.
«... Көз қызартып, үр қызы, қиылма! Шық!
Мен – жолаушы, жаяумын, үйім – қашық.
... Есімді бір жиғанда барады екен,
Арасында сағымның құйын қашып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім

  • 0
  • 0

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім,
Тас түнекті бұ тірліктен түңілдім.
Опындырды басқа жайттар
Қорықпаймын,

Толық

Түсімде де кеспіріңде мұң қалың

  • 0
  • 1

Түсімде де кеспіріңде мұң қалың,
Әлденені маған айтып, бұлдадың.
Әжіміңді жас ағады қуалай,
Суындай боп, көктемгі бір жылғаның.

Толық

Жанымнан шып-шып мұң шыққан

  • 0
  • 0

Жанымнан шып-шып мұң шыққан,
Мұң менің білем, несібем.
Сезімім нәзік қылшықтан,
Пернемді бассаң шешілем.

Толық

Қарап көріңіз