Өлең, жыр, ақындар

Ұзақ та келді, көктем де ұзамас енді

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 353
Ұзақ та келді, көктем де ұзамас енді,
Қатыбас қысың қыстады жүдә «мас» елді.
Сынықсып қалды жүзіміз, апшыды тағдыр,
Мың ағаш өліп, әттең-ай, жүз ағаш өнді.
Меймілдеп тұрған мұң-батпан шарадан асты,
Кеудеңді соқтың бір кезде ... қара, әне, албасты.
Керенау тартып барады керуен мұқыл,
Тоқылдақ болып емдедім жаралы ағашты.
Шаншиды жүрек шақ қалып ақтық демінде,
Атажау елдің ұлдарын бақтық, тегінде.
Құдай емеспін, әттең-ай, тоқтатар едім,
Құйқасы шымыр жерімді саттық егінге.
Қаңқайып қалдым арбадай кәдеге аса алмай,
Айбыным қашты дес беріп, «пәлі!» десе алмай.
... Ұзақ та келді, көктем де ұзамас тегі,
Ақ серке-уақыт, тарт енді, бәлеге салма.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы менің туған күнім

  • 0
  • 0

Тағы менің туған күнім ...
Тегінде,
Таяй түсті сүйретіліп,
Өлім де.

Толық

Тоғызыншы тыныс

  • 0
  • 0

Бір мен үшін қызығы жоқ,
Бұл ғалам,
Сағым бәрі,
Қолды алыстан бұлғаған.

Толық

Шілтер

  • 0
  • 1

Саратан зауза ызылдап,
Нәуетек гүлдер жабылды.
Маужырай қапты жүзім бақ,
Бозбала солай сабылды.

Толық

Қарап көріңіз