Өлең, жыр, ақындар

Сағынышымды жүрекке бөлеп, сенделдім

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 296
Сағынышымды жүрекке бөлеп, сенделдім,
Кәріпшілік-ай, кеудеме көсіп көң көмдің.
Кішкентайымнан интернатта оқып,
Тағдырдың,
Илеуі менен тақсіретіне көнгенмін.
Әркім-ақ келіп, өткемсіп жиі жасытты,
Доп қуып көкте, ойнай алмадық асықты.
Көгенкөз едік жабығып жүрген жат қолда,
Сәби жүрегім көп көрді қулық, пасықты.
Жегідей жеді, жынымды шындап шыжғырды,
Сағым боп жасып аңсадым сол сәт түз, қырды.
Жөргектің ізі жамбастан кетпей тұрғанда,
Тылсымға сіңдім тірлікте мынау жүз қырлы.
Келетін әкем сондайда маған үздігіп,
Жасанар еді қаһарға мінген күз күліп.
Сағынышымнан сейіле алмаймын сонда да,
Жолға түскенше көк атты арбаға біз мініп.
Бүлкек желіспен шабан көк жолды шаңдатқан,
Қалмадық әйтеу, жел қуған жөнсіз қаңбақтан.
Жансебіл күндер жайына кетіп,
Түз дала –
Жанымды менің жадыратты анық қан қатқан.
Сумақай уақыт сумаңдай берді сырдақтап,
Тұттай боп қалдым жылт еткенімді ұрлап қап.
Интернатта оқып жүргендеймін мен әлі де,
Бой жазар ат жоқ, арба да сынған, қыр – батпақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әулие

  • 0
  • 0

«Сексентауды» жайлаған,
Бастан бағы таймаған.
Тұрыпты бір қария,
Тұрмысты өзі жайлаған.

Толық

Жүзіңді әжім басқан

  • 0
  • 1

Жүзіңді әжім басқан,
Кәрілік жеткені ме?
Сенде ғой қазына асқан,
Бұл өмір өтпелі ме?

Толық

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі

  • 0
  • 0

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі,
Бетін жайып көлгірсиді,күледі.
Өзгермейді,
Кеудесіне – көң қатқан.

Толық

Қарап көріңіз