Өлең, жыр, ақындар

Сиқыршы

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 742
«Цирк келді Мәскеуден!»
Жарнамалар,
Билет, билет.
Әрине, барған алар.
«Көзбайлағыш, – дейді ме ел, – ғаламат бір»,
Басын изеп, шұлғыды Арда Ағалар.
Ағылды жұрт: көруге, іркілмеді,
Апарды ертіп досым да бір күн мені.
Жағамды ұстап, еріксіз естен тандым,
Нағыз сиқыр бойында шіркін, тегі.
Ішкі әлемін бөгденнің жаулағанда,
Қалмады адам желікпес дәу қаламда.
Сосын, сосын, қым-қиғаш сенделтті кеп,
Айқай сүрең басталды аула-алаңда.
Бөктірді рас шекпесті анашаға,
Күлдік біздер кенеліп, тамашаға.
Бірін-бірі соғады жынданған жұрт,
Сөзіңді ұғып, көнбейді арашаға.
Міне қара, бірінің ақты қаны,
Ыңырсиды: таусылған ақтық әлі.
Түршігеді жанымның жапырағы,
Көзімдегі күлкі де сап тынады.
Доғарды әйтеу, сиқыршы дүрбелеңін,
Әз жүрегім қиналды бірге менің.
Дірілдеген тәрізді алып жер де,
Емес пе едік үстінде бір кеменің.
Тұрды бір топ ештеме аңғармаған,
«Обал-ай» деп күйінді шалдар маған.
Сиқыршы жүр халыққа тағзым етіп,
Елге әйгілі болуды армандаған.
Дедім іштей:
«Жоғалтпа, байқа, барды»
Қалың қауым «өнерін» айта барды.
... Әлгі топқа бір-бірден билет беріп,
Шақырған-ды циркке қайта оларды.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Тағы менің туған күнім

  • 0
  • 0

Тағы менің туған күнім ...
Тегінде,
Таяй түсті сүйретіліп,
Өлім де.

Толық

Сен менің аққу қазым қалықтаған

  • 0
  • 0

Сен менің аққу қазым қалықтаған,
Сәбидей күлімдейсің шалықтаған.
Көзіңе көзім түссе оқыстан бір,
Күй кешем алашабыр жан ұқпаған.

Толық

Ардадаймын

  • 0
  • 1

Ардадаймын ...
Қайғы, мұңды тел емген,
Итшілікке, «кісілікке» кенелгем,
Біздің буын бейбастақтау,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар