Өлең, жыр, ақындар

Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 572
Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн,
Бұлыңғыр күн, өкпекті жұлындырдың.
Шамам қайдан келеді, санам дімкәс,
Қалар ма екен таусылып, мұңым бір күн.
Көктем неткен алдамшы, құбылмалы,
Менің нәзік жанымды ұғынбады.
Көршіміздің баласы қуанып жүр,
Көкек келіп, биесі құлындады.
Жапалақтап қар жауды – қатыбас күн,
Лайсаң жер. Жығылдым. Қапы бастым.
Амандығын білу жоқ қырдағы елдің,
Тоқтап тұрған кезі ғой қатынастың.
Көктем неткен алдамшы – бұлың-сұлың,
Өкпеледім мен саған, мұным – шыным.
Көкөзек шақ, қой баққан шопан мұңды,
Жетіспей тұр бір бұрам шылым... шылым...



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Сотанақ

  • 0
  • 1

Тартты қыздың бұрымын шырылдатып,
«Ақбоз» шапты,
Маза жоқ мұрында түк.
Бақалармен бір түсті шалшықтарға,

Толық

Сексеуіл

  • 0
  • 0

Сексеуілдің түбінде бейнесі елдің,
Ізі терең түседі кей кеселдің.
Аңызақтың өтінде аптабы бар,
Ессіз-түссіз етеді кейде сең-мұң.

Толық

Мұнар сені көтереді көкке іліп

  • 0
  • 1

Мұнар сені көтереді көкке іліп,
... Бөрі отырды бір жотада
Көкке ұлып.
Мына аязда ақтүтекті айдаған,

Толық

Қарап көріңіз