Өлең, жыр, ақындар

Сен бе едің мені айырып тастар ырқымнан

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 524
Сен бе едің мені айырып тастар ырқымнан,
Ғашық боп қалдым – көрдім де бірден сыртыңнан.
Ішімде дауыл, жарқылдап жатыр нажағай,
Тұнжырап жүрмін, білмессің әсте шырқымнан.
Бүлдіршін кейпің сезімді алды тұмшалап,
Мүсәпір күйге түспеп ем бұрын мұнша нақ.
Жолықпай кеткен бір бейне ме едің мәңгілік?
Күнелтіп жүрмін, жете алмай саған күн санап.
Көрсем де жиі, жаныңа жақын бара алман,
Тілдесу ғана сенімен жеке – бар арман.
Табысып кетсек дәл мұндай ыстық болмас шын,
Махаббат өзі сағыныштардан жаралған.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ғасыр, Ғасыр!

  • 0
  • 1

Ғасыр, Ғасыр!
Ит тірлікті сапырған,
Көкейіңде
Ұйып қалған жатыр қан.

Толық

Қыз-күлкісі фонтанның бойды алады

  • 0
  • 1

Қыз-күлкісі фонтанның бойды алады,
Күміс-тамшы: сезімге айналады.
Тапты ма екен үнінен жанға сая,
Бір сұлу қыз көз алмай ойланады.

Толық

Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті

  • 0
  • 0

Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті,
Көктем де келді: даламды қайта түлетті.
Жауды да нөсер күмісін төгіп белеске,
Қырларда гүлдер самалға елтіп дір етті.

Толық

Қарап көріңіз