Өлең, жыр, ақындар

Ұйқым менің келмейді

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 759
Ұйқым менің келмейді,
Арбасамын,
Тауға соғып басымды, жар басамын ...
Адымымды
Аштырмай қарыстырдың,
Маған деген, қу құдай, бар ма шамың?
Көп болды ма кесірлі күпірлігім?
Барымды ұрлап бойымнан бітірді күн.
Жазымышқа бағынып, мойынсұнып,
Сорым қайнап жүрмін ғой ...
Шүкір, бүгін ...
Бәрі менде секілді бейне міннің,
Көгермесін түсіндім көйлегімнің.
Қамшы басып, пенделік шыршуына,
Шартшұрт сынған мысаға кейде міндім.
Ұйқы менен қашады.
Көр – төсегім,
Қуанар ем дәл қазір өртесе кім ...
Толғандырған кеудемді
Аспаһани,
Жібермейді жабысса, дерт есебін.
Сар даланың төсінде сандаламын,
Қорықпас дерсің пәниде
Алладан кім?
Асқақ-асқақ сөз айттық –
Ашынғаннан,
Қаратаудай қайғыдан дал боламын.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Алты қанат керіліп, керегелер

  • 0
  • 0

Алты қанат керіліп, керегелер,
Шаңыраққа шашылды уық келіп.
Кенересі көмілсе терең егер,
Керек емес жауыннан күдіктеніп.

Толық

Шырайлы шырағым-ай

  • 0
  • 0

Шырайлы шырағым-ай,
Өмірдің мәні неде?
Біздерді сірә, құдай,
Келтірді мәмілеге.

Толық

Сағабүйен

  • 0
  • 0

Бір саласы Ақсудың Сағабүйен,
Иілмеген басымды саған ием.
Ілиястай ағамды есіме алып,
Жапа-жалғыз мен тұрмын жағада иен.

Толық

Қарап көріңіз