Өлең, жыр, ақындар

Аталардың жалғастырып

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 368
Аталардың жалғастырып,
Арманын,
Алға басып,
Бара жатыр тармағың.
Әкелерім «Капиталды» жаттады ...
Өкініштен шайнап отыр,
Бармағын.
Бабам менің құранына
Иланған,
Ажырамай өтті бақи иманнан.
Салқын шалған сананы әбден
Қалдық кіл,
Тілсіз, дінсіз бәлекеттер жиналған.
Тексіздікпен іс тындырдық теңдессіз,
Буынды алса,
Жұрындықты жеңбессіз.
Партияның біз де оқыдық тарихын,
«5» алуға
ұмтылдым-ау, мен де ессіз.
Ділсіздіктің тиді маған
Шалығы,
Болып жүрдім сап алдында –
«тап» ұлы.
Қайдан білсін сәби көңіл,
Көп жайды,
Мен Қазақтың баласы екем – анығы.
Аталардың іске асса екен,
Аңсары,
Міне, міне!
Білінді енді таң сәрі.
Ұлы Қазақ Даласының түлегі,
Шаруаң бар басталмаған,
Қанша әлі!..



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жанарың-ай зұбаржаттай тұңғиық

  • 0
  • 1

Жанарың-ай зұбаржаттай тұңғиық,
Қарашыққа қойған тәңір мұң құйып.
Сүдініңе сүрінеді көрген көз,
Әрі текті, тәкаппарсың тым биік.

Толық

Тағы менің туған күнім

  • 0
  • 0

Тағы менің туған күнім ...
Тегінде,
Таяй түсті сүйретіліп,
Өлім де.

Толық

Мырзалардан көшесінде қаланың

  • 0
  • 0

Мырзалардан көшесінде қаланың,
Ине шаншар орын таппай
Қаламын.
Мистер Проктор «Анкараға» кеп түсті,

Толық

Қарап көріңіз