Өлең, жыр, ақындар

Қазақ – Атам

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 547
Қазақ – Атам,
Сенің қаның мендегі,
Тарих маған талай теңін
Теңледі.
Маңғол шапты қансыратып халықты,
Орыс кірді ...
Ешқайсысы жеңбеді.

Көшпенділер –
Тәңірінің тұтамы,
Керегенің көгін кие тұтады.
Қас сақ, Қыпшақ –
Қашаннан да сол Қазақ –
Әлем деген қара ағаштың бұтағы.
Ұлы жіңгір жаһан жатты
Жосылып,
Қалың Қыпшақ қаптай өрді
Қосы – құт.
Күллі кінәз басын иді Далаға,
Қаһарынан қаймананың
Шошынып.
... Қайран жұртым,
Қабырғаңа батты аяз,
Бұ жалғанда бақ-дәулетің тап-таяз.
Өтермісің тіліңді сол таппай-ақ,
Құдай берген
Ырыздықтан татпай аз.
Түзелмейді,
Бір қайтқан соң меселдең,
Халық едің ұраны көп,
Неше өлген.
... Абыр-сабыр басылмайтын
Ақмолам,
Жалғыз өзім кетіп барам,
Көшеңмен.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Еркеле, жаным, жарым

  • 0
  • 1

Еркеле, жаным, жарым,
Сүйкімді қылығыңмен.
Білесің сарын барын,
Жалғасқан ұлы күнмен.

Толық

Сағыныш жұтып

  • 0
  • 0

Сағыныш жұтып,
Сарғайған қызды
Аңсадым,
Қаусадым, қалқам!

Толық

Ішейікші шараптан

  • 0
  • 0

Ішейікші шараптан.
Қымсынба түк,
Өмір мені жіберді тылсымға атып.
Көмейдегі күлкілді күмәніме,

Толық

Қарап көріңіз