Өлең, жыр, ақындар

Ұлытау

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 880
Әр тасыңда тарихым бар сарқынды,
Жүйрік жылдар түсіре алмас парқыңды.
Көз алмадым шодыр-шодыр шоқыңнан,
Сес көрсеткен айбынымен тартымды.
Жырлай алсаң бір-бір дастан әр саға,
«Хан орданы» «Ақ ордамен» пар сана.
Бауырыңда өтті қырқыс жойдасыз,
Қарап тұрдың міз бақпастан баршаға.
Сұлулық жоқ келбетіңе тең келер,
Пәс көңілге текті тұрқың дем берер.
Қасиетті сенің әрбір сілемің,
Ұлылықты күндемейді пенделер.
Таңғы ауамен терең алып тынысын,
Асқақ жатыр жаралғандай жыр үшін.
... Жойқын жорық басталарда даламда,
Ат ойнатып, тізе қосқан Ұлысым.
Түскен кезде мұқым елге ұлы сын,
Жинағанда батысы мен шығысын.
Алты алаштың ұлы келіп, бірігіп,
Қазағымның туын тіккен шыңысың.
Кім біледі, бәлкім содан Ұлысың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен

  • 0
  • 0

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен,
Бұзды сертін өрескел.
Құстар бәлкім, жете алмай жүр шетелден,
Құдай жасын көр, ескер.

Толық

Молданың үні назалы, күңіренеді

  • 0
  • 0

Молданың үні назалы, күңіренеді,
Сескентіп тастар саналы тірі немені.
Мәйітке жатқан, оранып қалы кілемде,
Екі жалғанның ортасы бірігер еді.

Толық

Соқыр түннің кеспірі

  • 0
  • 0

Соқыр түннің кеспірі,
Үрейлі еді, қаймығам.
Жұлдыздың жоқ ешбірі,
Шықпай қойды Ай да – ылаң.

Толық

Қарап көріңіз