Өлең, жыр, ақындар

Қара кер ат астымда жайтаңдаған

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 487
Қара кер ат астымда жайтаңдаған,
Нөпір халық сұқ қадап, «пай-пайлаған».
Делебемді қоздыртты дақбырт, мадақ,
Жазық болып көрінді қайқаң маған.
Жолдар қалды соңымда шиырланған,
Астым талай асудан, қиырлардан.
Тежемедім тізгінді, қоя бердім,
Көкейіме қиядан құйылды арман.
Көңіл өсті, өзім де шаттанғанмын,
Кенет, келіп жабысты қапталдан мұң.
Ермен қоса топ еттім қара жерге,
Мерт болмадым, жазымнан шақ қалғанмын.
Кісінеді қара кер кесек үнмен,
Атып тұрдым шыдамай төсегімнен!
... Түстің өзі осынша қобалжытты,
Сақтағайсың о Тәңір,
Кеселіңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болашаққа көз тастадым

  • 0
  • 0

Болашаққа көз тастадым,
Күн салып,
Өмір жарқын болармысың мұншалық?
Келеді екен қазағымның маңдайын,

Толық

Жатқаныма көп болды

  • 0
  • 0

Жатқаныма көп болды –
Сақаймағам,
Керегі жоқ дәрінің, апай, маған.
Аңсап жүрмін ауасын ауылымның,

Толық

Болашақ дәрігерге

  • 0
  • 0

Дәрігерсің болашақ,
Емшім едің,
Тереңірек кеудеме төнші менің.
Жараланған жүрегім кесепаттан,

Толық

Қарап көріңіз