Өлең, жыр, ақындар

Солай ғой

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 386
– Қазақстан, отаным ба ?
– Отаным!
– Мынау дала мекенім бе?
– Мекенім!
Күйін кештім жаңа туған ботаның,
Белгісіздеу қашан белге жетерім.
Бәрі бізде, тауыса алмайсың өлшетіп,
Байлық та бар басыңды изеп, иланар.
«Көк қағазды» көкжиектен көрсетіп,
Жат жұрттықтың жетегінде бұйдалар...
Не жоқ дейсің, менің мынау өлкемде,
Қайрат, жігер, қулық, тағы ептілік...
Айнымайтын адамдықпен өлсең де,
Жетпейді тек, жетесі мен тектілік!
– Қазақстан, мерейім бе?
– Мерейім!
– Менің мәңгі тұрағым ба?
– Тұрағым!
Арамызда азғындарға не дейін?
Тауым құлап, тауқыметпен тынамын.
Қазақстан, шүлдір-шүлдір қойыртпақ,
Алшаң-алшаң азғындардың сайраны.
Бұрқасында босып кетті қой ықтап,
Ауылдастың аузына жоқ айраны.
Қазақстан, Қазақстан... толғанам!
Мұжыламын, жетілемін, жетемін.
Елдігім сын, ең бірінші ол маған –
Тамыр жайған, тағдыр болған мекенім!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыссыз үн

  • 0
  • 0

Малыңыз жарылқамас жиған сіздің,
Мәнсәбің мақтан емес, тидаусыз күн.
Үніне құлағың сал періштенің,
Бірі боп кетпеу үшін имансыздың.

Толық

Арғыменен бергіні естіп өскен

  • 0
  • 0

Арғыменен бергіні естіп өскен,
Таразылап тарихты кескілескен,
Қатігездік заманның балғасына,
Жүрегімді еріксіз төстік еткем.

Толық

Тіршілікте әр алуан іс табылар

  • 0
  • 0

Тіршілікте әр алуан іс табылар,
Маған да бір жақсылықтың таңы бар.
Тондылық пен қоңдылыққа мән берме,
Есті болсаң ет қашқанда танып ал!

Толық

Қарап көріңіз