Өлең, жыр, ақындар

Осындай да бола ма екен тоқырау?

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 314
Осындай да бола ма екен тоқырау?
Мені біреу «байлап» тастап отыр-ау!
Қырық деген қамал алар кезім ғой,
Опыратын, жапыратын осынау.
Ойлаймын да ойларымнан жалтарам,
Өзіме-өзім сияқтымын жарты адам.
Ешкім әлі назар салып көрмеген,
Іздерімді іздеп кетем Картадан...
Бастап алып бұл не сұмдық айныған?!
Жаратқанға ауыр болды қай күнәм...
Өзімді-өзім тергеймін де соттаймын,
Ойға батам, мұңға батам, қайғырам...
Қиялымның жабағысын түтемін,
Бастан кешіп ызғар қыстың түтегін.
Туып келе жатыр менің көктемім,
Сабырымды жолдас етіп күтемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жердің құрты – пенделердің бірімін

  • 0
  • 0

Жердің құрты – пенделердің бірімін,
Күндерімнің бірі кірбең, бірі мұң.
Мөлдірімді сыйлайыншы дегенше,
Шашады олар басыма кеп іріңін...

Толық

Пәктіктің танып білмей биіктігін

  • 0
  • 0

Пәктіктің танып білмей биіктігін,
Дүміне табынады иықтының.
Жіберер арсыздыққа айырбастап,
Құшағын оттай болған сүйктінің.

Толық

Бір есім

  • 0
  • 0

Алқын да жұлқын аз ғұмыр,
Жайлауым сынды жазғы бір.
Осыны сезіп ертерек,
Жүрегім менің жазды жыр.

Толық

Қарап көріңіз