Өлең, жыр, ақындар

Бір есім

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 451
Алқын да жұлқын аз ғұмыр,
Жайлауым сынды жазғы бір.
Осыны сезіп ертерек,
Жүрегім менің жазды жыр.
Кім келіп кімдер кетпеді,
Қуарып қанша көктеді.
Раббым білер бәрін де,
Болашақты да, өткенді.
Сөзімнің ұқсаң төтесін,
Қайсысың Абай, Гетесің?
Жұрнағың қалмай әлемнен,
Жұтылып бір-ақ кетесің...
Жасағанымен қан қасап,
Әлсізді күшті дарға аса,
Борбайлап жүрген Буштың да,
Демократиясы далбаса!!...
Аллаһтың заңын таптаған,
Ақымақ бүгін қаптаған.
Бағынбай нұрға азып жүр,
Лаң салып жатыр лат надан.
Абайдан асып айшықтап,
Бере алдың қане айтып нақ?!
Мұхтар мен Мұқағалиға,
Дау жасап, кімдер айтыспақ?..
Өшірер уақыт алмасып,
Су шайып әлде жар басып.
«Измдердің» жабайы,
Жалына жүрсің жармасып.
Асыл аз, тым көп күресін,
Күзетсең танып білесің.
Мың мықтылардан ақыры,
Қалатыны бір есім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзімді айыптау

  • 0
  • 0

Шыдамсыз, төзімі жоқ, күйгелекпін,
Көмейге көп сөз жетер кимелеп тым.
Жадырап атқан таңдай жүре алмаймын,
Тартады түнегіне сүйрелеп түн.

Толық

Мұқағалиға

  • 0
  • 0

Абайдан соң дара шыққан данышпан,
Жүрегіңнен жыр сауылдап, ән ұшқан.
Сенің жаның жарқыраған нұр сипат,
Сөнбес алау шақырады алыстан.

Толық

Мәңгі бол деп тіледім, мына бақыт

  • 0
  • 0

Жат боласың бармасаң, келмесең бір,
Өскен қурай боласың жерге селдір.
Торқалы той, өлімнен топырақты,-
қала берсең өзісің ең мешелдің...

Толық

Қарап көріңіз