Өлең, жыр, ақындар

Мұқағалиға

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 329
Абайдан соң дара шыққан данышпан,
Жүрегіңнен жыр сауылдап, ән ұшқан.
Сенің жаның жарқыраған нұр сипат,
Сөнбес алау шақырады алыстан.
Жазған, айтқан сөздеріңе тәнтімін,
Тағдырыңа куә болған таң, түнің.
Айналаңда ақындар көп албыртқан,
«Атақтының» таба алмадым тамтығын.
Өзгешелеу екі әлемге қарасың...
Хан-Тәңірге тартып туған дара шың.
Мұқа, сенің құлақ түрсек мұңыңа,
Шөлдегенге тамшы болып тамасың.
Сен іздепсің Жаратқанды жол шегіп,
Саясатқа бола алмапсың жолсерік.
Аллаһ құлы, Мұхамметке үмбет боп,
Құран сөзін қастерлепсің зор сеніп.
Жұрттан асқан даралығың осында,
Мойынсұндың мұсылмандық қосынға.
Ерте ашылған жүрегіңнің хақ көзін
Жауың түгіл, түсінбепті досың да...
Сөздеріңнің құдіреті Алладан,
Ғұмырлы етіп, үзілмес қып жалғаған.
Періштенің бұйрығына жүгіндің,
Жырың содан жердің жүзін шарлаған.
«Бір Аллаһ» деп, Абай жүрген жолдасың,
Жыра да емес, биік жота, жондасың.
Миллиондар саған дұға жасауда,
Бақиыңда болсын иман жолдасың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы жол

  • 0
  • 0

Ақиқатты талдап алған бастапқы,
Осы жолда қаншалаған бас кетті.
Әз аналар арманына жетпеген,
Боздақтарын жоқтап, қанша жас төкті.

Толық

Күнәсіз мекен, қайдасың?

  • 0
  • 0

Жазамын деп көлемді бір шығарма,
Тыншымадым тірліктің тынысы барда.
Жалпақ жұртқа жариялап, жарқырар ма?
Не болмаса, кеудемде тұншығар ма?!

Толық

Бірлікке бастар бір Алла

  • 0
  • 0

Он бес пе, өткіздік пе жиырмасын,
Ғасырлар, бізден өте қиырдасың.
Сарнауға тілің келмей мелшиесің,
Сары құм көмейіңе құйылғасын.

Толық

Қарап көріңіз