Өлең, жыр, ақындар

Нәпсімменен алыстым

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 329
Нәпсімменен алыстым,
Келгенімше қырыққа.
Қанағатым алыс тым,
Қызықпа, басым құнықпа!
Өзімді-өзім тәртіпті
Ете алмадым неткен мұң!
Қызық – құйын қалқытты,
Жар басына жеткен күн.
Сыртым түзу әрине,
Оғаш қылық етпедім.
Ұнасам да пәниге,
Жүрегім кір көп менің.
Бақи жақты ойласам,
Дір-дір етем қалшылдап.
Нәпсім, сені жоймасам,
Кір жан қалай аршылмақ?!
Өтсем-дағы жоламай,
Жамандық пен ішімге,
Дерт бар бойда, обадай,
Барлық пәле ішімде...
Ендігәрі болмасын,
Тоқылдауық тәубесі.
Сабыр болсын жолдасым,
Түссін иман сәулесі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырықтың бесіндемін

  • 0
  • 0

Қырықтың бел асар жас бесіндемін,
Өткізген есімде жыл, есімде күн.
Көп кісі ұмытса да тірлік жеңіп,
Ұлт ұлы деген жанның есіндемін.

Толық

Мазасыз минуттарым сырғанауда

  • 0
  • 0

Мазасыз минуттарым сырғанауда,
Сынап – күн, бұлаң қағып шырғалауда.
Жүрекке иманымды жинамасам,
Жолымнан әзір тұрар бұрмалауға.

Толық

Иман ғана

  • 0
  • 0

Шіріген лас өмірдің ішіндемін,
Адамдар – нәпсіге құл, түсінгенім.
Әдепке келтірем деп ұмтылсам да,
Әлсізбін, жетпейді ғой күшім, демім.

Толық

Қарап көріңіз