Өлең, жыр, ақындар

Иман ғана

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 344
Шіріген лас өмірдің ішіндемін,
Адамдар – нәпсіге құл, түсінгенім.
Әдепке келтірем деп ұмтылсам да,
Әлсізбін, жетпейді ғой күшім, демім.
Пенделер малдан асып мандырады,
Арналды арамдыққа жан құмары.
Іргесін тасқын орып, тасыған сел,
Тіреусіз «тірлік» деген жар құлады.
Жүгенсіз батыс кетті бейпілденіп,
Лағнеттің түршігесің кейпін көріп.
Былыққан отбасында ұят қалмай,
Жетектеп құрдым еткен ойсыз желік.
Таппайсың ойы бөтен мидан баға,
Әзәзіл шатастырды сыйдан қаға.
Ғаламды ұстап тұрған көрікті етіп,
Адамды адам етер иман ғана...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құтқаршы

  • 0
  • 0

Тіршіліктің әр секунды сынақ бір,
Емтиханға есті жауап сұрап тұр.
Жүрек төрі орын берсе Аллаһқа,
Жол көрсетер болады сол шырақ нұр.

Толық

...Қалады

  • 0
  • 0

Қалады бәрі, қызық пен қиын – бұл жалған,
Қалады тауың, ағашың көктеп бүр жарған.
Сарайың, тағың, күркеше, жүдеу лашығың...
Қалады тегіс қол созған әсем түрлі арман.

Толық

Ләтипа лүпілі

  • 0
  • 0

Ләтипа – жүрек орталық мейір мекені,
Ол сені ізгі биікте нұрлы етеді.
Қуаты үстем құлшынтып салар қиынға,
Әсерлі сазы ғаршыға еркін жетеді.

Толық

Қарап көріңіз