Өлең, жыр, ақындар

Туысқанға айтар сөз

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 551
Біз кімбіз?
Жетісуда желдей ескен,
Заманның қыспағында өлмей өскен.
Бір Аллаһ – сақтаушымыз,
Аталарым –
Ұрпағын жау қолына бермей көшкен.
Біз кімбіз?
Көшпендінің зәу – затымыз,
Отыңды ошақтағы лаулатыңыз!
Жетелеп ұрпағыңды ұлылыққа,
Әруағын аталардың аунатыңыз.
Біз кімбіз?
Ұрпағымыз Үйсіндердің,
Жат ниет ойлағандар исін белін.
Мекенім Тәңір тауы, Жетісуым,
Елдікке шек келтірген тыйсын демін!
Біз кімбіз?
Жолдас болдық арманменен,
Жандармыз жағаласқан жалғанменен.
Оқ атқан 16-ыншы жыл отаршыға,
Қызыл қан Қарқараға тамған-дер ем!
Біз кімбіз?
Мен отырмын сұрайын деп,
Бір кеңес өздеріңмен құрайын деп.
Хангелді, Жанқабылмыз, Жәмеңке, Ұзақ,
Абақ, Жәйнақ,
Ұраным Райымбек!..
Біз кімбіз?
От жалынға оранғамыз,
Кездесіп өмір өтті боранға мұз.
Тәуелсіз желбіреген көк Ту үшін,
Асығып ата жұртқа оралғамыз.
Біз кімбіз?
Адам деген – шын бетіміз,
Артылған парыз деген міндетіміз.
Құл болу Алла алдында ақ жолымыз,
Пайғамбар Мұхаммедтің үмбетіміз!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заманға мынау қарашы!

  • 0
  • 0

Заманға мынау қарашы!
Әке мен бала жауласқан,
Қатын мен байы дауласқан,
Көрініп тұрған байлығы,

Толық

Қыз құласа

  • 0
  • 0

Құтылсақ та кешенің құрығынан,
Құйтұрқылар жүр әлі құрып лаң.
Шексіз аспан көрініп шектілікпен,
Қамаудағы қарайды құдығынан.

Толық

Тілім барда, дінім барда алыппын

  • 0
  • 0

Ел дегенде, неге қаным қызбайды?
Кейде үскірік... ірге жағым мұздайды.
Мың ой келіп, мидың ішін шимайлап,
Жүрек байғұс байыз таппай сыздайды.

Толық

Қарап көріңіз