Өлең, жыр, ақындар

Кідіретін, аялдайтын не қалды

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 418
Кідіретін, аялдайтын не қалды,
Көктемімді өткен уақыт – сел алды.
Бәрі өзгеріп бара жатыр біртіндеп,
Өзгермеген жүрегім тек ең арлы.
Сиқырларға алдырмадым арбатып,
Содан келді басымдағы бар бақыт.
Жүрегіме жүгінемін сәт сайын,
Тұғырына хан көтерген Алла атын.
Арманыма бағдар еттім Алла атын,
Жасымадым, жарық па әлде алда түн
Сабырымды жолдас еттім жолыма,
Оза шауып шықпаса да алға атым.
Көзім жетті, көңіл сенді, ми мақұл,
Құп көрді де мадақтады құйма тіл.
Құлы болып жаралыппын Алланың,
Мендік жүрек Жаратқанды сүйді, ақыл.
Сүйдім, Раббым, ғашықтығым – дидарың,
Қандай рахат ақ нұрыңды құйғаның.
Екі әлемде жалғыз байлық жан сақтар –
Ием берген, иемденген Иманым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер шары

  • 0
  • 0

Құрлықтар қалқыған қайықтай,
Жер шары бетінде жүзеді.
Басынан қатері айықпай,
Дауыл да үмітін үзеді.

Толық

Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы

  • 0
  • 0

Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы,
Жүрегімді тепкілейді,
Тырнайды.
Асаулығы сәл аңғырттау болса да,

Толық

«Ақша» деп айтты ұмыттың

  • 0
  • 0

«Ақша» деп айтты ұмыттың,
Намаз да қалды барылмай.
Елеусіз қалды ұлық күн,
Күнәдан жүрсің арылмай.

Толық

Қарап көріңіз