Өлең, жыр, ақындар

Көктем білінді

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 443
Көктем білінді, көктем білінді,
Көрдім шуақты көктен күнімді.
Қозы-лақ қуып, қоралы қой баққан,
Сағындым сол бір өткен күнімді.
Қырға тебіндеп көк көтерілді,
Көресің қыстай төккен теріңді.
Аталар шығып дөңнің басына,
Өткізер көзден өскен төліңді.
Адамдар сергіп, арқасы кеңіп,
Көмейден көкке ән тасып өріп,
Бой түзеп жігіт аруын іздейді,
Көңілі көншіп, қалқашын көріп.
Наурыз төрледі көңілге серпін,
Қуаныш сыйлар өмірге сенсің!
Адам біткеннің ашылып сарайы,
Сезілер сәт бұл, жеңілдеп еркін...
Наурыз – жыл басы қандай ғаламат,
Тірі жан біткен таңдай қағады-ақ.
Тағы бір көктем бөледі нұрға,
Тамсанып тұрмын таңды аймалап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтарым

  • 0
  • 0

Дауы бар, жаласы бар,
Меншілдік өктемдік бар.
Тыңдасаң жан ашығар,
Есінде көп кемдік бар,

Толық

Бәрі де қалады

  • 0
  • 0

Қалады думан дүние,
Білдірмей уақыт ұрлаған.
Қалады
сарай, тағың да,

Толық

Белгісіз болғандықтан ертеңгі күн

  • 0
  • 0

Белгісіз болғандықтан ертеңгі күн,
Естілер жер бетіне өлшемді үнім.
Табиғат – бір Алланың мұғжизасы,
Кеудеме қондырамын көркемдігін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар