Өлең, жыр, ақындар

Сабыр, сабыр

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1330
Сабыр, сабыр, тыныштық бер жүрекке,
Лақтырылуға ілінсем де күрекке.
Сойған адам тілгілейді, іреп те,
Оған бола рухыңды жүдетпе.
Иә, Дәуке, мадақ сөзге құлағың
Үйір болып, биіктеген тұрағың.
Өмір деген кейде саған безбүйрек,
Маңдайыңнан сипай бермес, шырағым!
«Асекеңнен аспайсың» деп мұқалтып,
«Ал, Жәкеңе жетпейсің» деп жұқартып.
Түңілдіріп жібереді түртпектеп,
Қалмағандай көз алдымда ұтар түк.
Сөзім зая, ойым өтпей осы күн,
Санасына жетпей жатыр кесімім.
Жат пиғылмен тыжырына қарайды,
Өлеңімнің ашпай тұрып есігін...
Жыр жұға ма, сөз өтер ме, дари ма ән,
Мынау пенде, мендей құлды тани ма?
Жазғандарым – Жаратқанға мінәжат,
Көктеткенім көкіректен – ар, иман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер

  • 0
  • 0

Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер,
Сілкінбеген пендеге тоғышарлық –
бір мешел.
Алпарысқан көп бейбақ тірлік етер тән үшін,

Толық

Осылай

  • 0
  • 0

Шығып келем тұманнан,
Тұңғиығын қалдырып.
Жарық түсе бастады, меңіреуді таң түріп.
Азан дауысы тамылжып, шымырлатты бойымды,

Толық

Кездесесің қайғыға да, күлкіге...

  • 0
  • 0

Кездесесің қайғыға да, күлкіге...
Түскен шақта жұлдыз туып, түн түре,
Өтті әлемнен дүние қуған бір бейбақ,
Мәңгі иесі бола алмай бір мүлкіне.

Толық

Қарап көріңіз