Өлең, жыр, ақындар

Ғасырлардың сонау бір

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 330
Ғасырлардың сонау бір,
Тасасында қалған күн.
Айтайын деп анығын,
Әупірімдеп қармандым.
Жырланбаса шежіре,
Ұмытылар біртіндеп.
Аршымаса құм басып,
Қалатынын аңғардым.
Парызы мен қарызы
Өтелмеген күндер-ай.
Сыбағасы кімге у,
Беріледі кімге май?
Келе жатқан ғасырлар,
Тасқын сынды тас бауыр,
Басатындай барлығын,
Жым-жылас қып құм мен лай.
Шертілмеген жүректің,
Ширығады күйі мың.
Шешкендеймін жанымның,
Шие болған түйінін.
Өткенге де шарам жоқ,
Келерге де шарам жоқ.
Бағындырсам болғаны,
Сұм нәпсімнің биігін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер шары

  • 0
  • 0

Құрлықтар қалқыған қайықтай,
Жер шары бетінде жүзеді.
Басынан қатері айықпай,
Дауыл да үмітін үзеді.

Толық

Бекім

  • 0
  • 0

Кім келіп бұл өмірге, кім кетпеген?!
Әрине, таусылмайды міндет деген.
Болжамың болмаса егер болашаққа,
Болады өткізуге күнді еппенен.

Толық

Аллаһтың жасалды әлем пішімімен

  • 0
  • 0

Аллаһтың жасалды әлем пішімімен,
Дәл мынау бүгінгідей пішінімен.
Адамды Хауанамен бір жұп етіп,
Сынаққа жер бетіне түсіріп ең.

Толық

Қарап көріңіз