Өлең, жыр, ақындар

Сәби жыр

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 937
Жүректен түледі сәби жыр
Тілеуін тілеп ем жер-көктен.
Шуағын сіңіріп әлемнің,
Бес қадам ұзады еңбектеп
Балғын жыр жөргектен...
Күнгей тау – Алатау,
бетке алды өзіңді тәй-тәй жыр,
сүрініп кетпесін, байқай жүр.
Үмітпен ала жіп мен де ескем,
батаң бер, тұсауын сен кес деп.
Теңізден ұшып ем мен түлеп,
Арман-жыр жол бастап әкелген.
Шың анау – шырқарсың, сенші деп.
...Кешіккен бір керуен келеді
Алатау, өзіңен бата алып,
жыр берген салмақты еншілеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Інжуіме

  • 0
  • 0

Атам қайда дейсің сен
Інжу асыл лағылым.
Мен отырмын мүдіріп,
Тауым тасқа шағылып.

Толық

Сөзімнен нәр ала алсаң...

  • 0
  • 0

Сөзімнен нәр ала алсаң тамшыдайын,
Жолыңда бұлағың боп аршылайын,
Шөлдесең, тұма болып тұна қалып,
Керексем, шөлің басып сарқылайын.

Толық

Ерболжанға

  • 0
  • 0

Әке болған балапаным,
Құшағыңда – өз балапаның
Аман өссін өзіңдей боп,
Атасының көзіндей боп!

Толық

Қарап көріңіз