Өлең, жыр, ақындар

Сөзімнен нәр ала алсаң...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 377
Сөзімнен нәр ала алсаң тамшыдайын,
Жолыңда бұлағың боп аршылайын,
Шөлдесең, тұма болып тұна қалып,
Керексем, шөлің басып сарқылайын.
Көздеуін мөлдірімнің өзің аштың,
Арындап екпініммен тұра қаштым.
Бір өзің тоған болып баяулатып,
Таңдарда жыр арнадың ояу жатып.
Алланың әмірімен тілек тілеп,
Жүргенде жолықтырғам арып-ашып.
Осылай жырлап өтсем қалған ғұмыр,
Дегендер десе, десін «мынау – ғашық!».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейірім

  • 0
  • 0

Жүрек деген тас бар еді,
Тастай берік асқар еді.
Беріктігі ерен еді,
Шыңыраудан шыңғырса жын,

Толық

Құзғындар құлатқанда

  • 0
  • 0

Құзғындар құлатқанда
қиядан құзға итеріп,
Қарқылдап, қауқылдасып
«жатсын деп алтын басың,

Толық

Жалғыздықпен болмай жолдас

  • 0
  • 0

Жалғыздықпен болмай жолдас
жұп өмірдің қадірі өтпес.
Жалғыздықтан жапа шегіп
көрмейінше бағың кетпес.

Толық

Қарап көріңіз