Өлең, жыр, ақындар

Мейірім

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1615
Жүрек деген тас бар еді,
Тастай берік асқар еді.
Беріктігі ерен еді,
Шыңыраудан шыңғырса жын,
Тек жаңғырық берер еді,
Жаңғыртуға шебер еді...
Сол жүрек-тас мүсін болған,
Бермес еді түсін қолдан.
Жол-жөнекей соқты бірде
Жолаушылап Мейірім өзі.
Бірдің ісін құдай қолдап,
Орайы кеп тұрды оңынан.
Атың ерек, ей, мейірім,
Тұрдың көзден жас үйіріп...
Тасқа тамып кетті абайсыз,
Қос тамшы жас тұрды иіріліп.
Сіңер ме екен, деді біреу,
Кеуіп кетер, деді біреу,
Селт етпеді, бірақ жүрек,
Күдік тұрды біраз үдеп...
Мейірімнің өз атынан
Қос тамшы жас қос иірім
Меншіктеніп жүрек-тасты,
Қол қойыпты бір шиырып.
Кепкен сия секілденіп
Тас бетінде ізі қалды.
Десті біреу, тас та болса,
Тамшыдан нәр сүзіп алды...
Қалды әңгіме құлағымда,
Жылайын ба, күлейін бе.
Тас жүректі жібіте алсам,
Мейірім боп жүрейін мен!
Қолтаңбамды көз жасыммен,
Қалдыра да білейін мен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз жалбыз...

  • 0
  • 0

Арна жатыр тартылып, суы құрғап,
Кеше ғана кемерге сыймай тұрған.
Көпір салып қойыпты, атын жазып
«Құрғақ өзен» аталып, көзі құрыған.

Толық

Құзғындар құлатқанда

  • 0
  • 0

Құзғындар құлатқанда
қиядан құзға итеріп,
Қарқылдап, қауқылдасып
«жатсын деп алтын басың,

Толық

Кәрі теңіз тебіренісі

  • 0
  • 0

Табиғатқа тиесілі дегенге
Жұмыр жердің киесімін деп сендім.
Жағалау мен теңіз түбі бұл күнде
Үлесінде байлық қуған шефтердің.

Толық

Қарап көріңіз