Өлең, жыр, ақындар

Керегі не?

Адам болып туылудың керегі не?
Адам ұқсап өмірді сүре алмасаң
Жақсы болып көрінудің керегі не?
Жан адамға жақсылық жасамасаң
Қолдағы көп байлықтың керегі не?
Бір зат болсын садақа бере алмасаң.
Зәулім сарай салудың керегі не?
Ішіне ата -анаңды сыйдырмасаң.
ШЕТ ел асып кетудің керегі не?
Өз еліңнің қадірін біле алмасаң
Құр атақтың даңқтың керегі не?
Өз еліне пайдаңды тигізбесен.
Жат адамды сыйлаудың керегі не?
Жақыныңды ешқашан сыйламасаң
Өтірік қана мақтаудың керегі не?
Ішінен күйіп пісіп көре алмасаң



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз