Өлең, жыр, ақындар

Сенесің бе?

1.Мен сені жақсы көрем сенесің бе?
"Сені ұмытпаймын" дегенің әлі есімде.
Бір кездері бірге ойнап күлген кезде,
Соны ойлап көрші есіңде ме?
2.Мен сені жақсы көрем сенесің бе?
Орның бөлек мен үшін түсінесің бе?
Сен кеткелі өмірдің мәні жоқтай
Қайғы-мұңға түскенімді білесің бе?
3.Мен сені жақсы көрем сенесің бе?
Бұл өмірден қорлық көргенім бе?
Қарамадың сен маған бұл өмірде,
Махаббат жалынына күйгенім бе?
4.Мен сені жақсы көрем сенесің бе?
Ессіз ғашық болғанымдв білесің бе?
Махаббатпен қосылады ғашық жандар,
Ал сен махаббатқа сенесің бе?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз