Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз

Білім беріп,жол нұсқайтын балаға,
Ұстаздарға бас иеді дана да.
Жүректеге нұр береді ұстаздар,
Аспандағы жарқыраған жұлдыздай.

Білім атты сарқымайтын теңізде
Ұстаз бізге бағыт-бағдар береді.
Шәкірттерге білім кілтін сыйлайтын
Болашақта ұстаз болғым келеді.

Ұстазың,ол-ата-анаңдай ардақты,
Ойы ұшқыр,білімі мол салмақты.
Мен оларға құрметпен бас иемін.
Бар білімін шәкірттерге арнапты.

Арналады осы жанға жыр-әнім,
Ұстаздар деп шаттан ән саламын.
Балалардың жүрегіне нұр құйып,
Білімменен сусындатар ол бәрін.

2013



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар